«Қайсар» қатарына жаңа екі ойыншыны қосты

«Қайсар» қатарына жаңа екі ойыншыны қосты

Белорусьтік қорғаушы Иван Садовничий мен Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Өркен Махан қызылордалық «Қайсармен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Иван Садовничий өткен маусымда талдықорғандық «Жетісу» сапында 15 матч өткізіп, 1 голдың авторы атанды. Жалпы алғанда, Премьер-лигада 86 матчқа қатысып, 4 гол соқты.

Ал Өркен Махан өткен маусымда «Байқоңырда» өнер көрсетіп, 28 ойында 9 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды. Сондай-ақ, ол Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или