«Реалдың» директоры: Қысқы трансферде ешкімді сатып алмаймыз

«Реалдың» директоры: Қысқы трансферде ешкімді сатып алмаймыз

Мадридтік «Реалдың» директоры Эмилио Бутрагеньо командаға қысқы трансфер кезеңінде жаңа ойыншылар қосылмайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қысқы трансферлер ме? Дәл қазір ойыншыларымыздың қаншалықты мықты екенін айтатын сәт жетіп тұр. Бұл құрам таланттарға толы, футболшылар көптеген жүлдегер жеңіп алды, оның ішінде қатарынан үш Чемпиондар лигасы бар. Бұлар ғажайып ойыншылар», - деді Бутрагеньо.

Айта кетейік, қысқы трансферде клуб «Манчестер Ситиден» 19 жасар жартылай қорғаушы Браими Диасты 15 млн еуроға сатып алды. Команда Ла Лигада бесінші орында келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или