«Ертіс» ҚПЛ-дың бес дүркін чемпионын қатарына қосты

«Ертіс» ҚПЛ-дың бес дүркін чемпионын қатарына қосты

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы қазақстандық голкипер Александр Мокинмен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзінің кәсіби мансабын «Жігер» командасында бастаған голкипер «Астана» (Жеңіс), «Оқжетпес», «Ордабасы», «Алма-Ата», «Шахтер» клубтарында өнер көрсеткен.

Қарағандылық команда құрамында екі мәрте ел чемпионы атанып (2011, 2012), 2013 жылы ұжымның Қазақстан футболы тарихында алғашқы рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтуіне өз үлесін қосқан.

Соңғы жылдары «Астана» ФК намысын қорғап, бірнеше жыл бойы чемпиондық атақты қорғаған (2016, 2017, 2018).

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2005 жылы алғашқы рет өнер көрсетіп, жалпы 13 ойын өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или