Балотелли «Марсельге» ауысуға жақын
«Ницца» футбол клубының шабуылшысы Марио Балотелли карьерасын «Марсельде» жалғастыруы мүмкін. Бұл тұралы журналист Джанлука Ди Марцио өз сайтында хабарлады.

28 жастағы футболшыны аталған клуб жазғы маусымда алғысы келген, бірақ келіссөз дұрыс жүрмегендіктен енді міне қайта ұсыныс жібере бастаған.

«Марсельге» Балотелли ауысқан жағдайда, бұл клуб футболшының мансабындағы алтыншы команда болмақ. Марио қазір өзі ойнап жүрген «Ниццадан» бөлек, «Интер», «Манчестер Сити», «Милан» және «Ливерпульдің» намысын қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или