Пиззелли «Ақтөбемен» келісімшартты ұзартты

Пиззелли «Ақтөбемен» келісімшартты ұзартты

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубы мен армениялық жартылай қорғаушы Маркос Пиззелли арадағы келісімшарт мерзімін тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Естеріңізге саламыз, Пиззелли өткен маусымда Қазақстанның үздік ойыншысы, Қазақстанның үздік сұрмергені, Қазақстанда 2018 жылы соғылған ең үздік голдың авторы атанған еді.

Сонымен қатар, Маркос лондондық «Арсенал» ойыншысы Генрих Мхитарянды артқа тастап, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Арменияның ең үздік футболшысы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или