«Наполидің» спорт директоры: Бізге Роналдуды алуға ұсыныс жасалды
«Наполидің» спорт директоры Кристиано Гвинтолидің айтуынша, 2018 жылы жазда оның клубына Криштину Роналду ауысуы мүмкін болған.
«Бізге, расымен де, Роналдуды сатып алуға ұсыныс жасалды. Біз Мендешпен (Роналдудың агенті) жақсы қарым-қатынастамыз, Гуламмен келісімшартты ұзартқан соң, онымен жиі байланысып тұрдық. Ол ойыншыны Де Лаурентииске («Наполидің» қожайыны)» ұсынды, ал мен ештеңе демедім. Кейін біз бұл трансферді саралай бастағанымызда, ол бізге қол жетімсіз екенін ұғындық», - деді Гвинтоли.
Айта кетейік, Роналду былтыр жазда «Наполидің» басты қарсыласы «Ювентусқа» ауысқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или