Ресейлік маман «Тобылды» баптайды

Ресейлік маман «Тобылды» баптайды

Бүгін «Тобыл» футбол клубының бас бапкері Марек Зуб қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Поляк маманы қостанайлық клубтың тізгінін биыл тамызда ұстаған болатын. «Тобылдың» тізгінде Марек Зуб Қазақстан Премьер-лигасында үшінші орын алып, келесі маусымда Еуропа лигасында өнер көрсету құқығына ие болды. Алайда «Тобыл» клубының басшылығы Марек Зубпен келісімшарттың мерзімі ұзартпады. 

Оның орнына келесі маусымда «Тобылды» ресейлік маман Владимир Газзаев баптайтын болады. Қостанайлық клубпен келісімшарт Түркияда өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынында жасалады.

Естеріңізде болса, Владимир Газзаев 2014 жылы «Ақтөбе» командасымен Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдесін иеленіп, ел кубогының финалына шыққан болатын. Ресейлік маман соңғы уақытта мәскеулік «Локомотивте» кеңесші-бапкер қызметін атқарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или