«Галатасарай» басшылығын алдап кеткен футболшы қатаң жазаланды

«Галатасарай» басшылығын алдап кеткен футболшы қатаң жазаланды

«Галатасарай» қорғаушысы Сердар Азиз өз командасының басшылығын алдап кеткен. Жарақатым бар деген футболшы әйелімен бірге Мальдива аралдарына демалуға кеткен, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді ол өзіне жаңа клуб іздеуге мәжбүр.

Түркия чемпионатының 17-турында «Сивасспорға» қарсы ойында алдында Азиз «Галатасарайдың» басшылығына асқазаны ауырып жүргенін айтып, ойынға қатыспайтын болған. Бірақ ол клубты алдап, әйелімен бірге Мальдиваға демалуға кетіп қалған. Оның демалыстағы суретін әйелі Инстаграмдағы парақшасында жариялады. Нәтижесінде, Сердар Азиз трансферге қойылды.

Осы маусымда қорғаушы 15 матч қатысып, 2 гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или