Transfermarkt: Муртазаев пен Щеткиннің бағасы шарықтап кетті

Transfermarkt: Муртазаев пен Щеткиннің бағасы шарықтап кетті

Германиялық transfermarkt.de сайты футболшылардың трансфер нарығындағы бағасында орын алған өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды prosports.kz.

Жаңарған нұсқада Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін футболшылардың да бағасы өзгерген. Трансфер нарығында құны ең көп жоғарлаған ойыншы - «Астананың» шабуылшысы Роман Муртазаев. Беделді сайттың пайымдауынша Роман 2,5 млн еуро тұрады. Осылайша, қазақстандық шабуылшы бірден 1,3 млн еуроға қымбаттап отыр.

Одан бөлек «Астананың» тағы бір ойыншысы Дмитрий Шомконың бағасы да дәл осы межені көрсетіп тұр. Қазақстандық ең қымбат ойыншы атағы осы екеуіне тиесілі.

Роман Муртазаев секілді трансферлік құны елеулі өскен тағы бірнеше ойыншы бар. Марин Томасов бірден бір миллион еуроға қымбаттап, құны 3 млн-ға жетті. Осылайша ол ҚПЛ-дегі ең қымбат футболшы атанды. Сонымен қатар Алексей Щеткин бір млн еуро қымбаттап, 2 млн-ға бірақ шықты.

Негізі «Астана» командасы сапында трансферлік құны өскен ойыншылар аз емес. Жоғарыдағы футболшылардан бөлек, Ласло Кляйнхайслер (1,5 млн) 600 мың еуро, Бахтиёр Зайнутдинов (1,2 млн) 450 мың еуро, Марин Аничич (1,5 млн) пен Иван Маевский (1,2 млн) 300 мың еуро, Абзал Бейсебеков (1,2 млн), Евгений Постников (1 млн), Серікжан Мужиков (1 млн) үшеуінің бағасы 200 мың еуроға қымбаттап отыр.

Ал бағасы түскен ойыншылар - Педро Энрике (2,8 млн) мен Анто́нио Рука́вина (800 мың) 200 мың еуро арзандаған екен.

Ал «Қайрат» сапынан трансферлік құны ең көп өскен Адеринсола Эсеола. Украиналық шабуылшының құны бірден 900 мың еуро өсіп, 1,7 млн-ға бағаланып отыр.

Алматылық клубтың ең қымбат ойыншысы атағын Бауыржан Исламхан өзі қайтарып алды. Команда капитаны 500 мың еуро қымбаттап, 2,3 миллионға бағаланып отыр. Ал бразилиялық легионер Исаэль Барбозаның құны 2,8 млн еуроға жеткен. Алайда ол енді алматылық команданың ойыншысы емес.

Бұлардан бөлек, Исламбек Қуат (1,8 млн), Ғафуржан Сүйімбаев (1,5 млн), Георкий Жуков (900 мың), Ян Вороговский (700 мың) төртеуінің бағасы 300 мың еуро қымбаттаған.

Ал басқа командаларда айтарлықтай өзгерістер көп емес. «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаевтың құны бір миллион үш жүз мың еуроға жетті. Осылайша, ол 300 мың еуро қымбаттап отыр. Ал аргентиналық қорғаушы Пабло Фонтанелло (900 мың) 300 мың еуро арзандады. Керісінше сенегалдық Абдулай Диакате 300 мың еуро қымбаттап, 1,2 млн еуроға бағаланды.

Ел чемпионатының қола жүлдегері «Тобыл» сапынан бірқанша ойыншының трансферлік құны бір млн еуроға жетті. Олар - қақпашы Дмитрий Непогодов, Виктор Дмитренко, Ни́ка Квеквески́ри (Грузия), Артурас Жулпа (Литва). Ал Бауыржан Тұрысбек пен Дмитрий Мирошниченко бір млн-ға жақындай түсті (900 мың).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или