Ресми: Дарабаев «Ертіске» оралды

Ресми: Дарабаев «Ертіске» оралды

Павлодарлық футбол жанкүйерлері жақсы таныс жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев «Ертіспен» жаңа еңбек келісімін жасасты. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті.

Ойыншы өткен маусымда Қостанай қаласының «Тобыл» клубында өнер көрсетсе, 2016 жылы «Ертіс» құрамында 32 матч өткізіп, бес рет нәтижелігімін көзге түскен еді.

Футболшы «Қайрат», «Шахтер», «Ақтөбе» клубтарында өнер көрсеткен, әрі Қазақстан ұлттық құрамасына да бірнеше мәрте шақырылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или