Құрбан Бердыев: Қазақстандық клубтарға бармаймын
«Рубиннің» бас бапкері Құрбан Бердыев елордалық «Астадан» ұсыныс түскені жайлы ақпаратқа өз пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстандық клубтардан жиі ұсыныс түсіп тұрады. Бірақ оның бәрі салмақты ұсыныстар емес, менің қайта оралмайтынымды біледі. Мен жұмыс істеуге баруым мүмкін жалғыз клуб – «Қайрат», клуб президентімен жақсы қарым-қатынастамын. Бірақ Қазақстанға оралмайтынымды айттым. Жақында бір конференцияға барғанмын, сол жақтың футбол федерациясымен жақсы байланыстамын. Футболға деген, оны дамытуға деген өз көзқарасымды айттым. Содан осындай қауесет шыққан болар», - дейді бапкер.
Естеріңізге салсақ, Құрбан Бердыев 1986-1996 жылдар арасында Қазақстанда жұмыс істеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или