«Тобыл» Беларусь чемпионатының үздік ойыншысын қатарға қосты
Беларусь құрамасы мен «БАТЭ» командасының жартылай қорғаушы Михаил Гордечук қостанайлық «Тобылға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Михаил Гордечук - Беларусь Республикасының халықаралық дәрежедегі спрот шебері. Беларусь футбол федерациясының нұсқасы бойынша үш мәрте (2015, 2016, 2017) ел чемпионатының 22 үздік футболшысының тізіміне енген.
Ерекше айта кетерлігі, 29 жастағы футболшы Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келді.
Футболдағы мансабын 2007 жылы қарағандылық «Шахтердің» жастар құрамында бастаған. Бір жылдан кейін ол «Волне» (Пинск) командасына ауысқан. Сол команда сапында Беларусь бірінші лигасының күміс жүлдегері атанған.
«БАТЭ» сапында Гордечук 6 мәрте Беларусь чемпионы, үш кезек Суперкубоктің және ел Кубогының иегері атанды. Бұдан бөлек Үздік футболшы, үздік сұрмерген ретінде де танылды.
2010/11 жылғы маусымда Еуропа лигасы 1/16 финалында «Пари Сен-Жермен» қақпасына гол соқты. 2011/12 жылы Чемпиондар лигасында өзін жақсы қырынан көрсетті.