Берік Шайхов «Шахтер» жейдесін киді
Берік Шайхов мансабын қарағандылық «Шахтер» сапында жалғастыратын болды, деп хабарлайды prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен келісімшарт бір жылға жасалған.
«Оле Бразил» академиясының тәрбиеленушісі келесі жылы <span>«кеншілердің» намысын қорғайтын болады.</span> Берік өте сәтсіз шыққан мемлекеттік жоба - <span>«Оле Бразилдік» футболшылардың арасынан санаулы жақсы футболшылардың бірі. Бұған дейін ел чемпионатында «Жетісу», «Астана», «Ертіс» және «Оқжетпес» командаларында доп тепті.<br /></span>
24 жастағы қорғаушы өткен маусымда оралдық «Ақжайық» сапында өнер көрсетті. Ерекше айта кетерлігі, Берік өткен жылы Премьер лига асындағы 33 матчқа түгелімен қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или