Роналду «Ювентусті» А сериясындағы алғашқы жеңілістен құтқарып қалды

Роналду «Ювентусті» А сериясындағы алғашқы жеңілістен құтқарып қалды

«Ювентус» футбол клубы Италия А сериясының 18-ші туры аясында «Аталанта» командасына қонаққа барды, деп жазады prosports.kz.

Туриндік команда бүгін басты жұлдызы Криштиану Роналдуға демалыс бергісі келген. Сөйтіп ол қосалқы құрамда қалды. Алайда алаң иелері тосын мінез танытып ел чемпиондарын тығырыққа тіреді.

Команда 2:1 есебімен жеңіліп жатқан сәтте алаңға Роналду шықты. Үздік шабуылшы жанкүйерлерін жерге қаратқан жоқ. Алаңға шыққанына он бес минут толмай жатып гол соғып есепті теңестірді.

Осылайша португалиялық футболшы командасын маусымдағы алғашқы жеңілістен (А сериясында) құтқарып қалды.

«Аталанта» (Бергамо) - «Ювентус» (Турин) 2:2 (1:1)

Гол соққандар: Джимсити 2 (ӨҚ - 0:1), Сапата 24 (1:1), Сапата 56 (2:1), Роналду 78 (2:2)

Алаңнан қуылды: Бентанкур 53

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или