«Ақтөбенің» ойыншысы Арменияның үздік футболшысы атанды

«Ақтөбенің» ойыншысы Арменияның үздік футболшысы атанды

Армения футбол федерациясы «2018 жылы Арменияның үздік футболшысы» номинациясы бойынша сауалнама қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәтижесінде «Ақтөбенің» футболшысы Маркос Пиззелли «Арменияның үздік футболшысы» атағын алды. Футболшы 171 дауыс жинаған.

Армения құрамасының капитаны, лондондық «Арсеналда» ойнайтын Генрих Мхитарян 119 ұпай еншілеп, екінші орын алды.

Германиялық «Ян» ойыншысы Саркис Адамян 32 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Пиззелли Қазақстандағы футбол маусымының қорытындысы бойынша, Премьер-лиганың үздік сұрмергені және үздік ойыншысы атанған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или