Витсель «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

Витсель «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

Дортмундық «Боруссияның» ойыншысы Аксель Витсель мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы ықтимал.

Англиялық БАҚ-тың хабарлауынша, «Манчестер Юнайтедтің» қазіргі бапкері Уле-Гуннар Сульшер бельгиялық футболшыға қызығып жүр. Манкуниандықтардың бұрынғы бапкері Жозе Моуриньо да Витсельді сатып алғысы келген болатын.

Жартылай қорғаушының трансферлік бағасы 40 миллион еуроны құрайды. Ойыншы мен «Боруссия» арасындағы еңбек келісімі 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или