Алмейданың «Астанадағы» жалақысы – 1 миллион еуро
Әзірбайжан құрамасы мен елордалық «Астананың» жартылай қорғаушысы Ричард Алмейда агдамскілік «Карабахқа» оралуға қарсы емес секілді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Azerisport.com ақпаратына сүйенсек, Алмейда «Астананың» басшылығымен кездесіп, келісімшартты тоқтатуды сұраған.
Әзірбайжандық басылымның мәлімдеуінше, Алмейда «Астана» сапында жылына 1 миллион доллар жалақы алады екен. Енді «Карабахқа» ауысу үшін ол өз жалақысының екі есе азаюына да келісіп отыр.
Әзірбайжан азаматтығын алған бразилиялық футболшы бұған дейінгі сұқбаттарының бірінде «Астанадан» кетпейтінін айтқан болатын. Бірақ БАҚ беттерінде Ричард Алмейданың «Карабахқа» оралатыны жайлы жиі жазылып жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или