Журналист Вернидубтың «Қайратпен» келіссөз жүргізуіне бөгет болған

Журналист Вернидубтың «Қайратпен» келіссөз жүргізуіне бөгет болған

Футбол/1Футбол2 телеарналарының журналисі Игорь Бурбас өзінің твиттерінде «Заряның» бас бапкері Юрий Вернидубтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Юрий Вернидубтан кешірім сұрағым келеді. «Қайратпен» қомақты келісімшартқа отыруына бөгет болды. Менің жазбамнан кейін, құпия келіссөз үшін Евгений Геллерден сөз естіп, жоспарланған кездесуден бас тартқаны өкінішті. Жағдайды ұмыта салу керек. Қазақстандық жомарттық ең маңыздысы емес. «Заряда» бапкерді құрметтейді, бұл одан да маңыздырақ», - деп жазды журналист.

Осы оқиғадан кейін Вернидуб Футбол 1 және Футбол 2 телеарналарының журналистерімен енді сөйлеспейтінін айтқан болатын.

Естеріңізге салсақ, алматылық клубтың тізгінін Алексей Шпилевский ұстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или