Бэйл – клубтық әлем чемпионатының үздік ойыншысы

Бэйл – клубтық әлем чемпионатының үздік ойыншысы

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Гарет Бэйл клубтар арасындағы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бэйл «Реал» сапында екі матчта да негізгі құрамда ойнады. Жартылай финалда ол жапониялық «Касима» (3:1) қақпасына хет-трик жасаған еді. Ал «Аль Айнға» қарсы финалдық ойында Бэйл белсенді ойнағанымен, еншісіне гол жаза алмады. Дегенмен оның командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, «Реал Мадрид» соңғы бес жылда клубтық әлем чемпионатын төрт рет жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или