Михаил Мартинович «Ақтөбемен» келіссөз жүргізгенін жоққа шығарды
«Славияның» бас бапкері Михаил Мартинович өзінің қазақстандық «Ақтөбені» жаттықтаруы мүмкін екені туралы ақпаратқа қатысты ойын айтты.
Беларусьтің жоғары чемпионатына оралған мозырскілік «Славияның» бапкері «Прессболға» берген сұқбатында «Ақтөбе» туралы қауесеттің жалған екенін айтты.
«Бұл жаңалықтарды оқып, таң қаламын. Менің бар ойым «Славиямен» байланысты», - деді Мартинович.
Айта кетейік, Владимир Муханов осы маусымнан соң «Ақтөбеден» кеткен болатын, енді клуб өзіне жаңа бапкер іздеп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или