Ибрагимович MLS тарихында ең көп жалақы алатын футболшы атанады
«Лос-Анджелес Гэлакси» шабуылшысы Златан Ибрагимович MLS тарихында ең көп жалақы алатын ойыншы атанады.
Жаңа келісімшарт бойынша 37 жастағы швед келесі жылы 7-7,5 миллион доллар жалақы алады. Бұл лиганың жаңа рекорды саналмақ.
Дәл қазіргі америкалық лигадағы рекордтық жалақы Какаға тиесілі болған, ол 2017 жылғы маусымда «Орландо Ситиде» 7,17 млн доллар еншіледі.
Естеріңізге салсақ, Ибрагимович MLS-те 2018 жылдың наурызынан бері ойнап келеді. Ол 27 матчта 22 голдың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или