«Вардар» шабуылшысы Қазақстанға ауысуға асығар емес
Армения құрамасының шабуылшысы Тигран Барсегян қысқы трансферлік кезеңде клуб ауыстырмақ. Бірақ ол Қазақстан клубтарынан түскен ұсыныстарды қабылдауға асықпай отыр.
«Қазір Еревандамын. Армениялық клубтардан ұсыныстар түсті, алайда дәл қазір Арменияға оралғым келмейді. Мақсатым – жақсы чемпионатқа ауысу. Қазақстан мен Қытайдан түскен ұсыныстарды қабылдауға асықпай отырмын. Мансабымды Еуропада жалғастыру мүмкіндігім туып тұр. Ең дұрыс нұсқаны таңдағым келеді», - деді Барсегян.
Тигран Барсегян 2016 жылдың жазынан бері македониялық «Вардарда» ойнаған еді. Осы уақыт ішінде ол 68 матч өткізіп, 22 гол мен 11 нәтижелі пастың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или