Еуро-2020 жеңімпазы 34 млн еуро сыйақы алуы мүмкін

Еуро-2020 жеңімпазы 34 млн еуро сыйақы алуы мүмкін

УЕФА 2020 жылғы Еуропа чемпионатының сыйақысын жариялады. Турнир Еуропаның 12 елінде өтеді, ал жартылай финал мен финалды Лондон қабылдайды.

Еуроға қатысушылардың бәрі де 9,25 млн еуродан алады. Топтық кезеңдегі жеңістер командаларға 1,5 млн, тең есептер 750 мың еуро әкеледі. 1/8 финалға шыққан құрамалар 2 млн, ширек финалға өткендер 3,25 миллионнан алады.

Жартылай финалистерге 5 млн берілсе, вице-чемпионның қоржыны 7 миллионмен толығады. Ал жеңімпаз 10 млн еуроға қанжығасына байлайды. Осылайша, барлық матчта жеңіске жеткен команда 34 млн еуро еншілейді.

Айта кетейік, Еуро-2020 турнирін Лондоннан бөлек мына қалалар қабылдайды: Санкт-Петербург, Амстердам, Баку, Бильбао, Бухарест, Будапешт, Копенгаген, Дублин, Глазго, Мюнхен және Рим.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или