«Ақжайық» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

«Ақжайық» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

Азамат Шайхы «Ақжайық» футбол клубының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

<span>Азамат Ерболұлы «Намыс» спорт клубы мен №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері, сондай-ақ «Ақжайық» спорт клубында самбо күресі жөніндегі спортшы, «Ақжайық» допты хоккей командасының бастығы, бас директордың орынбасары қызметін атқарды. </span>

<span>2015 жылдан бері «Ақжайық» спорт клубының директоры қызметіне тағайындалған болатын. </span>

<span>Айта кетейік, «Ақжайық» биыл премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатында соңғы орын алғандықтан, бірінші лигаға түсіп қалған болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или