«Қайрат» бес бірдей легионерімен қош айтысты
«Қайрат» клубынан бес бірдей легионері кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Алматылық команданың сапынан хорватиялық футболшы Иво Иличевич, венгриялық Акош Элек, Тринидад және Тобаго құрамасының қорғаушысы Шелдон Бато, бразилиялықтар Исаэль мен Хуан Фелипе кетті. Сондай-ақ, биылғы маусым аяқталысымен Андрей Аршавин мансабын аяқтаған болатын.</span>
<span>Енді «Қайратта» биыл ойнаған легионерлерден тек Сергей Политевич, Адеринсола Эсеола және Мартон Эппель қалды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или