Қазақстанда туған футболшы елге оралуы мүмкін
БАТЭ клубының шабуылшысы Михаил Гордейчук мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz by.tribuna.com сайтына сілтеме жасап.
<span>29 жастағы белорусь футболшысына екі бірдей қазақстандық команда қызығып отыр. Михаил Гордейчук Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған «Тобыл» мен «Ордабасы» клубтарының біреуіне ауысуы бек мүмкін.</span>
<span>Бір ескере кететін жайт, тәжірибелі шабуылшы Қазақстанның Саран қаласында дүниеге келген. Футболға алғашқы қадамдарын жергілікті «Шахтер» клубында жасаған. Қарағандылық команданың жастар құрамында 2007 жылы 19 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Сол себепті Қазақстанға оралған жағдайда азаматтықты алуға мүмкіндігі бар. </span>
Биылғы маусымның басым бөлігін жарақатынан емделумен өткізді. Алаңға тек 11 ойында шыққан шабуылшы 4 гол соғып үлгерген.
<span>Айта кетейік, Михаил Гордейчук мансабында Белорусьтің «Волна», «Нафтан», «Белшина» және БАТЭ командаларында доп тепкен. Белорусь ұлттық құрамасының сапында 25 кездесу өткізіп, 4 мәрте көзге түскен.</span>