Аршавин «Зенитке» оралды
Алматылық «Қайрат» пен петерборлық «Зениттің» бұрынғы футболшысы Андрей Аршавин петерборлық клубқа оралып, әкімшілік қызмет атқарады.
«Мен басқаратын жоба барлық үлкен клубта бар. Бұл жаттығу лагері, оған Ресейдің барлық аймағынан ең талантты балалар шақырылады. Жыл сайын. Сонымен қатар, спорттық тұрғыда ғана емес, мәдени және білім де ескерілгенін қалаймыз. Сондықтан, «Зенит» театрлармен, университеттермен келісімшартқа отырды», - деді Аршавин.
Естеріңізге салсақ, Қазақстанда маусым аяқталған соң Аршавин «Қайраттың» сапында футболшы ретінде мансабын аяқтаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или