Қайтыс болған футболшыларды еске алуға арналған турнир өтеді

Қайтыс болған футболшыларды еске алуға арналған турнир өтеді

Дүниеден өткен футболшыларға арналған дәстүрлі турнир биыл 16 желтоқсанда болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс «Сендер біздің жүрегіміздесіңдер» деп аталмақ. Оған еліміздің танымал футболшылары, қазақстандық футболдың қазіргі және бұрынғы жұлдыздары, баспасөз өкілдері қатысады. Турнирдің мақсаты – Виктор Зубарев, Нилтон Мендес, Виталий Артемов, Әнуар Нысанбаев, Олег Литвиненко, Серік Жейлітбаев және дүниеден өткен басқа да отандық футболшыларды еске алып, оларға құрмет көрсету.

Осындай турнирді ұйымдастыру идеясын Самат Смақов, Әли Әлиев, Ғани Қайназаров сынды танымал футболшылар ойлап тапқан. Турнир демеушісі – «Бағанашыл» спорттық-сауықтыру кешені.

Турнирдің ашылу салтанаты 16 желтоқсанда 11:20-да Санаторная, 14 мекен-жайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или