Жюльен Стефан: «Астана» ертеңгі ойында фаворит
«Ренн» футбол клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы Жюльен Стефан Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы туры аясындағы «Астанаға» қарсы кездесу алдында баспасөз жиынына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді:
-  Біздің жақсы нәтижеге қол жеткізгіміз келеді. Команданың алдында өте жоғары нәтиже қоятындығы анық. «Астана» командасының турнирлік кестедегі жағдайы бізбен салыстырғанда өте жақсы. Сондықтан, қиын ойын болары сөзсіз. Дегенмен, біз ертең жанкүйерлердің қолдауына үлкен сенім артамыз. Біз осыған дейінгі өткізген ойындарымызбен салыстырғанда, барынша тиянақты жақсы ойын өткізуге тиіспіз.
-  Команданың дайындығын қалай бағалайсыз?
-  Ойынның қалай болатындығын ертеңгі алаң көрсетеді. Біз Астанадағы кездесуде 2:0 есебімен жеңіліп қалғанымызды білесіздер. Бізге ертеңгі ойында 3:0 емес, небәрі 1 доп айырмасымен жеңіске жету қажет. Мен өз ойыншыларыма сенемін. Біздің жоғалтатын ештеңеміз жоқ. Сондықтан барынша өз ойынымызды көрсетуге тиіспіз.
-  Сіз жақында ғана команда тізгінін ұстадыңыз. Ал командаға ертеңгі кездесуде тек жеңіс қажет. Осы бір қысымға дайынсыз ба?
-  Оны ертеңгі ойын көрсетеді. Біздің чемпионаттағы жағдай бәріңізге аян. Алайда, біз әлі орта жолдамыз. Нақты бағаны тек чемпионат аяқталған соң ғана бере аламыз. Ал менің бапкерлік жолыма келер болсақ, бұл жол енді ғана басталып келе жатыр. Ал бұл жол мен үшін жемісті болады деген ойдамын.
-  Қарсылас команданың артықшылығы мен кемшілігін айтып өтсеңіз?
-  «Астана» командасы ұйымшыл ойын өрнегін көрсететін, мықты команда. Команда құрамынша шеберлігі жоғары ойыншылар өте көп. Сондықтан, ерртеңгі кездесуде бізге екінші қабатта ойнау өте қиын болады. Ал кемшін тұсына келер болсақ, «Астана» командасы бір ай бұрын ішкі чемпионаттағы ойындарын аяқтады. Осы тұрғыдан алғанда бізде ойын тәжірибесі жағынан аздаған басымдық болады деген ойдамын.
-  Ойынға құрған жоспарыңызбен бөлісе аласыз ба?
-  Бізге ертеңгі кездесде қорғанысқа баса назар аудару қажет. Өйткені, өткен кездесулерде дәл осы позицияда өте көп қателікке бой алдырған болатынбыз. Сондықтан, барынша қорғанысқа назар аудара отырып ойнау қажет. Біздің жігіттер соңғы екі кездесуде жақсы ойын көрсете білді. Сол себепті де, ертеңгі ойыннан жақсы нәтиже күтеміз. Біз өз жанкүйерлеріміздің қолдауының арқасында жақсы нәтижеге жетеміз деген ойдамын.
-  Қазақстандық команданы қалайда жеңуіміз керек деп бірнеше рет айттыңыз. Оны қалайша жүзеге асыру жоспарыңызда бар?
-  Менің қолымда сиқырлы таяқша жоқ. Ертеңгі ойында «Астана» командасы нақты фаворит. Себебі, қарсылас команданың еуропада жинаған тәжірибесі жетерлік. Бірақ, ертеңгі ойында жеңіске жету үшін алдымен команданың ерік-жігері бізге көмек болады деген сенімдемін.