Төрешіге жалынған бапкер масқара болды

Төрешіге жалынған бапкер масқара болды

Болгарияның футбол чемпионаты кезінде ЦСКА бас бапкері Нестор Эль Маэстро төреші алдында тізерлеп қосымша уақыт қосуды өтінген. 

Болгарияның футбол чемпионатында ЦСКА - <span>«</span>Лудогорец<span>»</span> арасындағы кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталғандықтан, бас төреші қосымша екі минут қосып берген.

Алайда бұл уақыт <span>ЦСКА </span>бапкері Нестор Эль Маэстроға аз көрінген.

Лудогорецтен басым түсуге талпынған Эль Маэстро бас төрешінің алдында тізерлеп, көбірек уақыт беруді жалынып сұраған.

Алайда төреші сезімге берілмей, қосымша уақыт қоспай қойған.

Матч 1:1 есебімен аяқталған. Осылайша ЦСКА турнирлік кестеде екінші орынға жайғасып, Лудогорецтен алты ұпайға жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или