Каррера: Қазақстанға қарсы ойында босаңсуға болмайды

Каррера: Қазақстанға қарсы ойында босаңсуға болмайды

Мәскеулік «Спартакпен» бірге Ресей чемпионы атанған Массимо Каррера 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанды аутсайдер санауға болмайтынын айтты.

«Қазіргі футболда нағыз айтсайдерлер қалған жоқ. Рейтингісі төмен кез келген команда фаворитке күш көрсетуі мүмкін. Қазақстан мен Кипрдің клубтары еурокубоктарда тұрақты ойнап жүр, сол жақта халықаралық тәжірибе жинайды. Кейде тіпті нағыз тосынсый жасап жатады. Сондықтан, Қазақстан мен Кипрге қарсы ойындарда босаңсуға болмайды», - деді италиялық маман.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты <span>іріктеу турнирінің I тобына түсті. Мұнда қазақстандықтар Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Мариномен бақ сынасады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или