Модрич: «Алтын допты» жеңіп алу бала кезімдегі арманым еді
Мадридтік «Реал» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич «Алтын допты» алғаннан кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Командадағы әріптестеріме, сонымен қатар, «Реал» мен Хорватия құрамасындағы бапкерлеріме алғыс айтқым келеді. Маған дауыс бергендерге рақмет. Мен қашан да ұлы клубта ойнағым келген, ал «Алтын допты» жеңіп алу бала кезімдегі арманым еді», - деді Модрич.
Айта кетейік, кеше Лука Модрич 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын допты» жеңіп алып, Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің 10 жылдық бәсекелестігіне нүкте қойды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или