Шотландия құрамасының бас бапкері: Бізден Қазақстанмен ойында тек жеңіс күтеді
Шотландия құрамасының бас бапкері Алекс Маклиш УЕФА-ның ресми сайтына 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің жеребесі жайында пікірін айтты.
«Біздің ірі турнирлерге шықпағанымызға көп болды. Бізді ауыр тапсырма күтіп тұр, бірақ қолымыздан келеді деп ойлаймын. Ресейге қарсы матчтар маңызды болмақ. Бірақ біз Кипрге, Қазақстан мен Сан-Мариноға қонаққа барамыз, ол жақтардан бізден тек жеңіс қана күтеді. Өткен айда көрсеткен деңгейімізді қайталай алсақ, мүмкіндігіміз бар», - деді Маклиш.
Дублинде өткен жеребе қорытындысы бойынша, Қазақстан Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Мариномен бір топқа түскен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или