Нұрдәулетов: Қарсыласты жасанды көгалдағы ойынмен ұта аламыз
2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде ешқандай құрамаға Қазақстанмен кездесу оңай болмайды. Бұл туралы журналистерге Қазақстан құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов айтты.
Дублинде өткен жеребе қорытындысы бойынша, Қазақстан Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Мариномен бір топқа түскен болатын.
«Бізге Ресей құрамасының түскеніне қуаныштымыз, топ өте жақсы. Бізге қарсы ешкімге оңай болмайды. Ресей құрамасын жақсы білеміз, чемпионатын бақылап отырамын. Оларды ниет пен жасанды көгалдағы ойын арқылы ұта аламыз», - деді Нұрдәулетов.
Айта кетейік, әр топтан турнирдің финалдық кезеңіне екі командадан өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или