Роналду «Ювентустың» 61 жыл бұрынғы рекордын қайталады

Роналду «Ювентустың» 61 жыл бұрынғы рекордын қайталады

«Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатының 14-турында «Фиорентиноға» қарсы матчта гол соғып, оның командасы 3:0 есебімен жеңді.

Соның арқасында форвард А сериясындағы 10-шы голын еншісіне жазды. Роналду клубтың алғашқы 14 матчында 10 гол соққан «Ювентустың» соңғы 61 жылдағы алғашқы жаңа ойыншысы атанып отыр. Соңғы рет мұндай жетістікке 1957/58 жылғы маусымда Джон Чарльз қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, Роналду ұлттық чемпионаттан бөлек, Чемпиоондар лигасында бір гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или