Қазақстандық футболшы испаниялық клубқа ауысты

Қазақстандық футболшы испаниялық клубқа ауысты

<span>19 жасқа дейінгі футболшылардың ҚР құрамасының капитаны Дінмұхамед Кәшкен испаниялық «Касабланка» клубының ойыншысы болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.</span>

<span>19 жастағы Дінмұхамед Испанияның жастар лигасындағы клубпен жыл соңына дейін келісімшартқа отырды. «Касабланка» «Сарагосаның» фарм-клубы болып табылады. Айта кетейік, Кәшкен осыдан екі жыл бұрын да Испанияда ойнаған болатын - «Касабланкада» және мадридтік «Атлетикода». Кейін ол «Астананың» қосалқы құрамына өтті. Ал биылғы маусымды «Жетісу»-Б бірінші лигасында өткізді. Ол еліміздің үміт күттіретін ойыншыларының бірі. Бірақ ҚПЛ-да әлі тәжірибесі жоқ.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или