Исаэль Instagram-да «Қайратпен» қоштасты
Алматылық «Қайрат» футбол клубының бразилиялық жартылай қорғаушысы Исаэль Барбоза Instagram желісіндегі ресми парақшасында қоштасу хатын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
- «Қайрат» сапында 5 жылға жуық уақыт доп тептім. Енді қоштасудың уақыты келді. Бұл командада өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мен барлық матчтарда, сондай-ақ әрбір жаттығу сессиясында жақсы нәтиже көрсетуге барымды салдым. Барлығы 170-тен астам ойынға қатысып, 38 гол соқтым және көптеген нәтижелі пастар шығардым. «Қайрат» жейдесінде көп матч өткізген шетелдік ойыншы атану мен үшін үлкен мәртебе. Осы клуб тарихында өз атымды қалдырдым деп білемін. команданы, қаланы, жанкүйерлерді сағынатын боламын. Рақмет, «Қайрат»! Әрі қайта көрісуден үміттімін, - деп жазды Исаэль Instagram-да.
Айта кетейік, Исаэль «Қайрат» сапында бес маусым өнер көрсетті. Осы аралықта Қазақстан Премьер-Лигасының 3 мәрте күміс жүлдесіне қол жеткізді. Бейресми деректерге сенсек, жартылай қорғаушы мансабын Қытайда жалғастыруы мүмкін.