ҚПЛ мен Бірінші лига клубтарына арналған семинар өтті

ҚПЛ мен Бірінші лига клубтарына арналған семинар өтті
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау департаментінің ұйымдастыруымен «2019-2020 жылғы маусымда УЕФА мен ҚФФ аясында өтетін жарыстарға қатысатын Қазақстан Республикасының футбол клубтарына арналған сертификация» тақырыбында семинар өтті. 

Шараға Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының заң және қаржы қызметкерлері, жастар футболын дамыту бағдарламасының жетекшілері қатысты. 

Лицензиялау департаментінің директоры Ержан Мұсабеков пен департамент сарапшылары қатысушыларды инфрақұрылым, спорт, әкімшілік-кадрлық және қаржы критерийлері бойынша сертификацияның жаңа ережесіне енген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. 

Сонымен қатар, Техникалық орталық директоры Арсен Іңкәрбеков пен Балалар-жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Игорь Утробин семинарға қатысушылардың сауалдарына жауап берді. 

Қазақстан футбол федерациясы Президентінің көмекшісі Сейілда Байшақов ашылу рәсімінде сөз сөйледі. 

Айта кетейік, УЕФА жарыстардына қатысуға Қазақстанда 4 квота бар. 1 – Чемпиондар Лигасы, 3 – Еуропа Лигасы. 2018 жылғы чемпионаттың қорытындысы бойынша «Астана», «Қайрат», «Тобыл», «Ордабасы» футбол клубтары сертификатқа ие. <br />Аталған клубтар лицензиялау процедураларынан сәтті өткен жағдайда 2019 жылы Еуропа аренасында ел намысын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или