Марадона Либертадорес кубогының финалын Мадридте өткізуге қарсы
Аргентиналық Диего Марадона Либертадорес кубогының финалындағы «Ривер Плейт» — «Бока Хуниорс» матчын Мадридте өткізу идеясын сынға алды.
Айта кетейік, қарымта матч 24 қараша өтуі тиіс болған. Алайда «Ривер Плейт» жанкүйерлерінің «Бока Хуниорс» футболшылары жасаған шабуылынан соң ойын кейінге шегерілген. Енді кездесу Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді.
«Қарғыс атқыр, егер менің отбасым финалды көргісі келсе, не істеймін? Мадридке ұшып бару қанша тұратынын білесіңдер ме? Қауіпсіздікті күйшейтіп, матч жоспарланған жерде өткізу керек еді», - деді Марадона.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или