Хамитжанов: «Астана» осы маусымдағы үздік ойынын өткізді

Хамитжанов: «Астана» осы маусымдағы үздік ойынын өткізді

- Киевтің «Динамосымен» кездесу меніңше, «Астананың» осы маусымдағы үздік ойыны. Шабуылға бейдімделген қызықты матч болды. Ойынның динамикасы, жоғары қарқын, қорғаныстан жылдам шабуылға шығу - барлығы жоғары бағаға лайықты. Кездесу барысында «Астана» бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Өкінішке қарай, ойыншылар түйіндей алған жоқ.


- «Динамо» топтан плей-оффқа бірінші орынмен шықты. Украина командасы осыған лайықты ма?
-Әрине, Киев командасы топтық кезеңнің соңғы ойындарын сәтті өткізді. Олар өздерінің фаворит екенін дәлелдей алды. Мен шын жүректен аға досым, Киевтің «Динамо» клубының құрылтайшыларының бірі, Украина футбол федерациясының құрметті Президенті Григорий Михайлович Суркисті құттықтаймын. Суркис өзінің туған қаласының командасына және Украина футболына қандай қамқорлық жасап жатыр? Олардың Еуропа Лигасындағы қазіргі жетістігі – еңбектің өтеуі деп білемін.
-Бүгінгі ойынның нәтижесі «Астана Аренаға» жиналған жанкүйерлердің көңіл күйін түсіріп жібергендей...
-Біз әрбір көрерменге алғыс білдіреміз. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан команданы қолдауға келді. Стадионда керемет атмосфера қалыптастырып, соңғы сықырық естілгенше қолдады. Бұл енді футбол. Үнемі алаңдағы төккен теріне сай нәтиже бола беруі мүмкін емес. Топтық кезең жалғасуда біз әріқарай Еуропа лигасының 1/16 финалына шығуға талпынамыз.- Киевтің «Динамосымен» кездесу меніңше, «Астананың» осы маусымдағы үздік ойыны. Шабуылға бейдімделген қызықты матч болды. Ойынның динамикасы, жоғары қарқын, қорғаныстан жылдам шабуылға шығу - барлығы жоғары бағаға лайықты. Кездесу барысында «Астана» бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Өкінішке қарай, ойыншылар түйіндей алған жоқ.
- «Динамо» топтан плей-оффқа бірінші орынмен шықты. Украина командасы осыған лайықты ма?
-Әрине, Киев командасы топтық кезеңнің соңғы ойындарын сәтті өткізді. Олар өздерінің фаворит екенін дәлелдей алды. Мен шын жүректен аға досым, Киевтің «Динамо» клубының құрылтайшыларының бірі, Украина футбол федерациясының құрметті Президенті Григорий Михайлович Суркисті құттықтаймын. Суркис өзінің туған қаласының командасына және Украина футболына қандай қамқорлық жасап жатыр? Олардың Еуропа Лигасындағы қазіргі жетістігі – еңбектің өтеуі деп білемін.
-Бүгінгі ойынның нәтижесі «Астана Аренаға» жиналған жанкүйерлердің көңіл күйін түсіріп жібергендей...
-Біз әрбір көрерменге алғыс білдіреміз. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан команданы қолдауға келді. Стадионда керемет атмосфера қалыптастырып, соңғы сықырық естілгенше қолдады. Бұл енді футбол. Үнемі алаңдағы төккен теріне сай нәтиже бола беруі мүмкін емес. Топтық кезең жалғасуда біз әріқарай Еуропа лигасының 1/16 финалына шығуға талпынамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или