Александр Хацкевич: «Астанада» тәжірибелі шабуылшылар тобы бар»
Еуропа лигасының 5-ші тур аясындағы «Астана» – «Динамо» (Киев) матчы алдындағы баспасөз мәслихатында «Динамо» командасының бас бапкері Александр Хацкевич журналистер сұрағына жауап берді.
— Әр синтетикалық алаңның өзіндік ерекшеліктері болады. Мұндай жасанды алаңда ойнауда біздің тәжірибеміз аз. Сондықтан алаңға қаншалықты тезірек бой үйретсек, өзімізге жасы болады деп ойлаймын.
— «Астана» Қазақстан біріншілігінде чемпион атанып, өзінің ресми ойындарын аяқтады. Бұл жағдай сіздерге қаншалықты басымдық болмақ?
— «Астана» Еурокубок ойындарында биыл бірінші рет ойнап жатқан жоқ. Олар дәл осындай жағдайда қарсыласқа қалай дайындық жасау керек екенін жақсы біледі. Сондай-ақ 2-3 аптаның ішінде «Астананың» ойын деңгейі төмендеп кетті деп ойламаймын. Біз тек алдын ала болжаумыз мүмкін. Қалғанын ертеңгі ойын анықтап береді.
– Никита Бурда жарақатынан айықты ма? Ертең «Астанаға» қарсы алаңға шығуы мүмкін бе?
— Ол кешегі жалпы жаттығу кезінде топпен бірге дайындалды. Бұған дейін жеке жаттығып келді. Қазір нақты бір шешім айта алмаймын, жасанды алаңда өзін қалай сезінеді, жарақаты мазаламай ма жоқ па, оны бүгінгі жаттығудан кейін білеміз.
— «Астанадан» қандай ойынды күтесіз?
— Біз жаттығуларымызға аздаған өзгеріс енгіздік. Тең ойын көрсеткен команданың ертең қалай ойнатынын болжау қиын. Бірақ әр команда алаңға жеңіс үшін шығатыны анық.
– «Астана» сапындағы ең қауіпті футболшы кім?
— Ең тәжірибелі шабуылшы сіздерде. Барлық футболшы бір-бірін толықтырып отырады. Сондай-ақ «Астанада» физикалық және техникалық жағынан да мықты футболшылар бар.
— «Динамоның» қазіргі сапында команданың аңыз ойыншысы болған Валерий Лобановский секілді футболшылар бар ма?
— Команданың жақсы кезеңдері мен жақсы тарихы бар. Қазіргі таңда бізді ең жас команда деп айтуға болады. Барлығы өзіміздің клубтың тәрбиеленушілері және барлығының мүмкіндіктерін жоғары бағалаймын. Енді бұл жерде тек еңбек ету керек. Мұның артықшылығы және кемшін тұстары бар. Бұған ешкімді кінәлағым келмейді. Меніңше, алдағы 1-2 жылдан кейін журналистер өз жолын енді бастаған біздің қазіргі футболшыларымызға қол соғатын болады.
— «Астананың» Киевтігі ойынын кездейсоқтық деп қарауға бола ма?
— Сіздің қалай қабылдағаныңызды білмеймін, сіз үшін жақсы нәтиже болса, біз үшін екі ұпай жоғалту болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или