Бактиер Зайнутдинов: «Бұл марапат мен үшін тосын сый болды»
«Астананың» 20 жастағы жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына берген сұхбатында «2018 жылғы маусымның жаңалығы» атанғаны туралы айтты.
— Бактиер, «Маусым жаңалығы» аталымындағы жеңісің құтты болсын! Екінші жыл қатарынан осы марапатты алған қалай екен?
— Әрине, бұл марапат мен үшін тосыннан келген сый болды. Дегенмен, осы жеңістің артында командаластарымның, клубтың бапкерлер және медициналық штабының ұшан-теңіз еңбегі бар екенін сезінемін. Олар бүкіл маусым бойы мені қолдап отырды.
— Осы маусымдағы командадағы ойыныңызды қалай бағалайсыз?
— Менің ойыныма тек бапкерлер құрамы баға береді, солай дегенім жөн болар. Команданың ойынында басты көрсеткіш — нәтиже. «Астана» биыл чемпион атанып, әрі Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнап жатыр. Мұнымен команда осы маусымдағы міндеттерін орындап үлгерді.
— Қайсы матч ерекше әсер қалдырды?
— Ондай ойындар көп болды. Қазақстан құрамасы сапында Венгрияға қарсы ойын мен үшін еліміздің бас командасындағы дебютім болды. Ал гол соға алғаным қуаныш үстіне қуаныш болды. Осы және еурокубоктардағы ойындар. Мәселен, соның ішінде өз алаңымызда «Ренге» қарсы ойында мен Еуропа Лигасындағы алғашқы голымды соқтым. Премьер-лигада, әрине, «Ертіске» қарсы ойын ерекше есімде қалды. Сол ойында біз 6:1 есебінде жеңдік, ал мен үш гол соқтым. Ол менің карьерамдағы, әсіресе «Астана» сапындағы алғашқы хет-трик болды.
— Сіз үлгі тұтатын ойыншылар бар ма? Болса, ол әлемдік жұлдыз ба, әлде командадағы әріптестеріңіздің бірі ме?
— Менің кумирім бар деп айта алмаймын. Әрине, қарап бой түзейтін ойыншылар бар. «Астанаға» өте тәжірибелі әрі кәсіпқой футболшылар жиналған. Олармен бір командада ойнау мен үшін үлкен тәжірибе әрі өсе түсуге мейлінше ынта-жігер береді.