«Қайрат U-12» Қырғызстанда өткен турнирде топ жарды
«Қайрат» академиясының тәрбиеленушілері Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында халықаралық турнирге қатысты, деп жазады Prosports.kz.
Алматылық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған турнирге <span>«Қайрат» жастарынан бөлек,</span> <span>«Дордой» (Бішкек), А. Момунова атындағы Академия (Ош), ОСДЮШ № 5 (Тараз), «Илбирс» (Бішкек), «Абдыш-Ата» (Кант), «Шахтер» (Қарағанды) және «Ордабасы» (Шымкент) командаларының жас футболшылары қатысты.</span>
<span>«Қайрат U-12» командасы өзі қатысқан бес ойында да жеңіске жетті. Сөйтіп, турнирде топ жарды. «Қайрат» ойыншысы Руслан Сүлейманов турнирдің үздік сұрмергені атанды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или