«Астана» U-19 «Динамоның» футболшыларынан жеңіліп қалды
«Астана» U-19 командасы Хорватияда жергілікті «Динамоның» (Загреб) футболшыларынан 3:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Хитрец-Кациян» алаңында өткен кездесу жергілікті команданың жеңісімен аяқталды.
Ойынның алғашқы минутында «Астана» қақпасына Лион Шипош гол соқты. 1-ші таймның аяқталуына үш минут қалғанда Бартол Франич айып добын іске асырды. Жерлестеріміздің қақпасына соғылған үшінші голды хорватиялық клубтың капитаны Дино Капитанович 77-минутта соқты.
«Астана» командасы соққан жалғыз голдың авторы Сәбит Мәжит атанды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жасөспірімдер арасындағы UEFA чемпиондар лигасы аясындағы қарымта матчы болатын. Бірінші матч 1:1 есебімен тең өтті. Жалпы кездесу қорытындысы - 4:2.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или