«Барселона» - әлемдегі ең көп жалақы төлейтін команда

«Барселона» - әлемдегі ең көп жалақы төлейтін команда

Global Sports Salaries компаниясы бірқатар зерттеу жүргізіп, футболшыларына ең көп жалақы төлейтін командаларды анықтады, деп хабарлайды prosports.kz

Бұл тізімде «Барселона» көш бастап тұр. Каталониялық клуб футболшыларына орташа есеппен 12 млн еуро жалақы төлейді. Көп жалақы алатын футболшылар қатарында Лионель Месси - 40 млн, Луис Суарес пен Жерар Пике – 20 млн бар.

Екінші орында «Реал» тұр. Мадридтік команда орта есеппен 9,1 млн еуро жалақы төлейді. Үздік ондықта бұлардан бөлек, «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль», «Ювентус», «Челси», «Бавария», «Атлетико» және «ПСЖ» командалары бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или