«Бока Хуниорс» «Ривер Плейтке» жеңіліс жазылғанын қалап отыр
«Бока Хуниорс» Либертадорес кубогының финалындағы қарымта матчта «Ривер Плейтке» техникалық жеңіліс жазылуын талап етпек.
Айта кетейік, бұл матч кеше өтуі керек болған. Алайда «Ривер Плейт» фанаттары «Бока» өкілдері мінген автобусқа шабуыл жасап, нәтижесінде бірнеше футболшы зардап шеккен болатын.
Marca ақпаратына сүйенсек, футболшылар осы оқиғаға қарамастан, ойынды кеше өткізбек болғандары үшін ашулы. Матч бүгін де өтпей қалуы ықтимал.
«Бока Хуниорс» заңгерлермен кеңесіп, қарсыласқа техникалық жеңіліс жазуды қалап отыр. Себебі олардың пікірінше, стадион маңында болатын оқиғалардың бәрі алаң иелері жауапты болуы тиіс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или