«Атырау» - «Қайрат» матчы жанкүйерлер көрсеткіші бойынша антирекорд қойды
Қазақстан кубогының финалындағы «Атырау» мен «Қайрат» матчын «Астана Аренадан» қанша жанкүйер тамашалағаны белгілі болды.
Маусымның ең соңғы матчын көру үшін аренаға 4500 жанкүйер келген. Бір қызығы, бұл XXI ғасырдағы ел кубогының финалында жиналған жанкүйерлердің ең төменгі көрсеткіші саналады. Соңғы рет бұдан да төмен көрсеткіш 1999 жылы тіркелген. Ол кезде 2500 фанат келген еді.
Ал финалдағы жанкүйерлердің көптігі бойынша рекорд 2013 жылы қойылды. Сол жылы «Шахтёр» — «Тараз» матчына 24 500 жанкүйер келген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или