Мұрат Тілешев: Еуропа Лигасы ойындарының деңгейі мүлде бөлек
Мұрат Тілешев – өз кезеңіндегі үздік шабуылшылардың бірі, Қазақстан Республикасы чемпионатының үш мәрте үздік сұрмергені атанған. Тілешев оған қоса, Қазақстан Ұлттық құрамасының намысын қорғап, еурокубоктерде ойнап үлкен тәжірибе жинаған.
«Шахтер» футбол клубының спорт директоры Қазақстан чемпионатында 148 гол соққан. Мұрат қазіргі таңда еліміздегі футбол саласының басты сарапшыларының бірі.
Осы орайда, «Астана» футбол клубының баспасөз қызметімМұрат Әзімбекұлына хабарласып, алдағы астаналықтардың Еуропа Лигасы аясындағы «Динамоға» қарсы ойыны туралы пікірін сұрап білген болатын:
- Әрине, Еуропа Лигасы ойындарының деңгейі мүлде бөлек. Ол жақта ойнауға барлық отандық клубтар талпынуы тиіс. Алла қаласа, алдағы уақытта еурокубоктерде еліміздің басқа да клубтары ойнайды деген сенімдемін. Ал ойынға келер болсақ, «Яблонец» командасы өте қызықты, әрі жинақы ойынымен мені қатты таң қалдырды. Мүмкін, сәттілік «Астана» жағында болған шығыр. Елорда командасы өзінің жеңіске деген жігерінің және еңбегінің арқасында жеңіске жетті.
- «Астана» келесі кездесуін «Динамоға» қарсы өткізеді. Бұл кездесуде киевтіктерді тең нәтиже қанағаттандырады. Осы орайда, украиналықтар қорғанысқа баса назар аударуы мүмкін бе?
- Динамо - бұл үлкен тәжірибесі, тарихы және жанкүйерлердің үлкен армиясы бар нағыз бренд. Сондықтан, киевтіктер Қазақстан астанасына тек жеңіс үшін келеді. Дегенмен, «Астана» командасы өз алаңында, жанкүйерлері алдында ешкімнен қорықпайтындықтарын бір емес, бірнеше мәрте дәлелдеп үлгерді. Сондықтан, біз қызықты ойынды күтеміз.
- Сіз тәжірибелі футболшы ретінде елорда командасының шабуылшысы Жуниор Кабананганың команда құрамына қайта оралғаннан кейін гол соға алмай жатқандығының себебін айта аласыз ба?
- Жуниор гол соқпаса да, команда үшін өте тиімді ойын үлгісін көрсетуде. Біріншіден, шабуылшы қарсылас қорғанысындағы бір-екі ойыншыны өзімен алып жүруі арқылы, командалас әріптестері Педро Энрике мен Томасовқа ашық кеңістік береді. Екіншіден, ол Еуропа Лигасы аясындағы өте маңызды ойындарда екі голдық пас беріп үлгерді. Ол оның қаншалықты тиімді, пайдалы ойын көрсетіп келе жатқандығын көрсетеді. Ал голға келер болсақ, шабуылшыларда кейде ондай сәтсіздіктер болады. Менің ойымша, Кабананга өзіне деген сенімдігін қайта келтіруі үшін бір гол соғуы керек. Содан кейін, барлығы өз жолына түседі деген ойдамын. Конголық шабуылшы өз голдарын Еуропа Лигасы аясындағы «Динамо» мен «Реннге» қарсы ойындарға қалдырды деген үміттемін.