Роналду әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күреске қатысады

Роналду әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күреске қатысады

А сериясы ұйымдастырғалы отырған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күреске Криштиану Роналду қосылды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

А сериясы клубтары 24-26 қараша аралығында өтетін матчтарға алаңға қызыл белгімен шығады.

Акция «зорлыққа қарсы қызыл қағаз» деген мағына беретін #unrossoallaviolenza хэштегімен өтеді, бұл акцияға «Ювентус» жұлдыздары Криштиану Роналду мен Пауло Дибала, сонымен қатар, «Наполи» капитаны Марек Гамшик қатысқалы отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бір ай бұрын Роналду АҚШ азаматы Кэтрин Майорганы зорлады деп айыпталған болатын. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или