Е.Мәулен: «Астананың» УЕФА-ның ТОП-50 клубының құрамына енуі заңдылық
– Ермұхамед, бұған дейін QAZSPORT арнасының тікелей эрирінде  «Динамо» мен «Астана» арасындағы алғашқы ойынды жүргіздіңіз. Осы кездесу қандай әсер қалдырды?
–  Бұл матч даниялық жартылай қорғаушы Миккель Дуэлундтың алғаш рет Киев командасы сапында алаңға шыққанымен есте қалды. Украина командасының бапкерлері осы ойыншыны алаңға шығару арқылы одан көп үміт күтетіндіктерін көрсетті. Бұл жігіттің болашағы зор, талантты футболшы. Тағы бір айтарлық жәйт, ол кездесуде Украина құрамасының және «Динамо» командасының негізгі шабуылшыларының бірі Артем Беседин жарақатына байланысты ойынға араласа алмады. Бұл ойыншы болған кезде «Астанаға» оңай болмасы анық еді. Менің ойымша, Киевте өткен кездесуде сәттілік елорда командасы жағында болды. Матчтың екінші бөлігіндегі Ненад Эричтің сәтті сэйфтерін ерекше айтып кету керекпіз. Әйтпесе, ойын украиналық команданың пайдасына ірі есеппен аяқталар ма еді... Дегенмен, біздің жігіттер соңына дейін ойнай алатындықтарын, сырт алаңдағы кездесуде де дәлелдеп берді.
–  Алдағы Астанадағы ойыннан қандай нәтиже күтесіз?Киевтен келетін команданы «Астана Аренада» қандай нәтиже қанағаттандырады?
–  Астанадағы кездесуде «Динамо» (Киев) өздерінің елорда командасынан мықты екендіктерін дәлелдеу мақсатында, жеңіс үшін алаңға шығатындықтары анық. Одан бөлек, қарсылас командаға топтан жәй ғана шығып қоймай, бірінші орын алу өте маңызды. Себебі, ақпан айындағы плей-офф кезеңінде өз тобынан екінші орынмен шыққан, осалдау қарсыласмен жолыққысы келетіндігі анық. Өздеріңіз білетіндей, «Динамо» (Киев) осыған дейінгі жылдарда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен түспейтін мықты ұжымдардың бірі болатын. Қазіргі уақытта командада буын алмасу кезеңі өтіп жатыр. Алайда, Астанада Еуропаның кез-келген командасына оңай соқпайтынын айта кеткен жөн. Сондықтан, дәл осы жағдайда екі команданы тең нәтиже қанағаттандырады деп ойлаймын.
–  «Астана» клубы осы жылы алғаш рет УЕФА рейтингінде ТОП-50 команданың қатарына кіріп отыр. Елорда командасы осы көрсеткішке қаншалықты лайық? Әлде бұл кездейсоқтық па?
–  Елорда командасы Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Чехияның «Яблонец» командасын жеңгеннен кейін, УЕФА-ның клубтық рейтингінде ТОП-50 команданың құрамына енгендігі туралы ақпаратты көзім шалды. Бұл біздің футбол сүйер қауым үшін өте қуанышты жаңалық! «Астана» командасы осы нәтижеге толықтай лайықты. Себебі, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы осымен төртінші жыл қатарынан еурокубок ойындарының топтық кезеңінде ойнап жүр. Былтыр тіпті өткен жылы Еуропа лигасының 1/16 финалына дейін жетті. Ал биыл команда 70% топтан шығып тұр деуге болады. Сондықтан, бұл нәтиже ешқандай да кездейсоқтық емес, әділетті нәтиже.